Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Алматыда ішімдікке сылқия тойып, көлік ұрламақ болған адам қолға түсті

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бұрын үш рет сотталған ер адам көлік ұрламақ болып ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына белгісіз ер азаматтың Алмалы ауданындағы Сейфуллин мен Бөгенбай батыр қиылысында «Мазда» маркілі көлікті айдап кеткендігі туралы хабар келіп түскен.

«Ұрланған көлік пен ер адамды ұстауға полицияның кешенді күш құрамы жұмылдырылды. Кешірек «Боран-049» экипажы ішімдікке тойып алған жүргізушіні қолға түсірді. Күдіктінің сөзінше, ол көлікке жасанды кілттерді салып көре отырып, ашып кірген. Бөтеннің мұлкін иемденіп кету фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұріп жатыр»,-деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.


Жоғары қарай