Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда қала күні қалай тойланады

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 20:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда қала күні мерекесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 24 тамыздан 30 қыркүйекке дейін 67 іс-шара жоспарланған.

«Оның ішінде «Көк-Төбе Опера» классикалық музыканың халықаралық фестивалі, «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы фестивалі, «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Алма-Ата – моя первая любовь» музыкалық ретро-фестивалі, «Алма Quest» масштабты қалалық квесті, «Гәкку дауысы» қазақстандық музыка фестивалі, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалі, «Aлма fest» қалалық дәстүрлі алма фестивалі сияқты 34 дәстүрлі шара өтеді», - деді қалалық мәдениет басқармасының жаңа басшысы Эрнар Құрмашев.

Одан бөлек 15 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында — масштабты қалалық «Алма Quest» квесті өтеді. Бұл жұмбақтар мен құпиялары, аңыздары мен тарихы бар көшелер мен аудандардағы нағыз саяхат түрінде өтетін қызықты ойын болмақ.

Алма Quest кез-келген адам қатыса алады.

Қатысу ережелері, басталу және аяқталу нүктелері, іс-шараның өтетін уақыты, сонымен қатар жүлде қоры мен сыйлықтар туралы толық ақпарат www.almаquest.kz веб-сайтында жарияланған.

14 қыркүйекте VI «GAKKU ДАУЫСЫ» қазақстандық эстрада фестивалі «Астана» алаңында өтеді.

«Gakku Дауысы» - бұл жыл сайын өтетін заманауи қазақстандық музыканың фестивалі. Gakku телеарнасы ұйымдастырған концерт барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің ең жарқын өкілдерін және әр түрлі музыкалық жанрлардың өкілдерін бір сахнаға жинайды.

14-20 қыркүйек аралығында Almaty Film Festival өтеді. Ашылу салтанаты халықаралық деңгейлі киножұлдыздарының қатысуымен Республика сарайында өтеді.

14-20 қыркүйек аралығында үш негізгі алаңда 60 астам мен іс-шара өтпек:

Almaty Film District Бизнес-форумы, онда киноиндустрия мэтрлерінің шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен Made in Almaty сценарийлерінің байқауы өтеді (отель Mercure Almaty City Center)

Chaplin Cinemas кинотеатрларында жас жұлдыздар ТМД-дағы Уолт Дисней компаниясымен және Еуропалық балалар киносы қауымдастығымен бірлесуімен қызыл кілем ұйымдастырады.

Басты мерекелік іс-шара - 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтетін қалалық «Aлма fest» алма фестивалі.

Парктің аумағы шартты түрде 6 белсендік аумағына бөлінеді:

- дәстүрлі мәдениетті паш ететін «Қазақ ауылы» этно-паркі;

- «Alma kids» балаларға арналған ойын-сауық алаңы;

- балмұздақ фестивалі;

- дәмтатулары бар алма стрит-фуды мен барбекю аумағы;

- 55 шаруа қожылығының қатысуымен өтетін алма жәрмеңкесі;

- «Alma activ» жастардың белсенді демалыс аумағы.

15 қыркүйекте 16.00-23.00 аралығында Панфилов көшесінде (Метро стансасының алдында) «MusicQala» концерті өтеді.

Биыл Қазақстанның бұлбұлы атанған, КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың 90-жылдығына орай Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы өтеді.

Жас опера әншілері осы байқауға қатысу үшін кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей, Башқұртстан Республикасы, Қырым Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Молдова Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Италия, Болгария және Монғолиядан Алматыға келеді.

23 -24 қыркүйекте қала күнін мерекелеу аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Үлкен концерт залында камералы музыканың «Әуен fest» фестивалі өтеді.

Фестивальге Қазақстанның жеті аймағынан келген талантты музыканттар қатысады.

2-15 қыркүйек аралығында қаланы мерекелік безендіру үшін 45 аншлаг, 1 джамба, 10 билборд бір стильде безендіріледі. Сондай-ақ, метро станциялары мониторларында Қала күніне арналған бейнеролик орналастырылады.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай