Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматыда қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр

2020 жылдың 13 ақпан 2020 01:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2019 жылы Алматыда 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде 25,5 мыңнан астам қала тұрғыны үй алу үшін кезекте тұр. Оның 10 мыңға жуығы – бюджеттік ұйым қызметкерлері және 11,8 мыңы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына жатады.

«Өткен жылы баспанаға мұқтаж 2913 адамға пәтер берілді. Айта кету керек, тұрғын үйдің 64 пайызы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеңілдікпен несиеге таратылған. Жалға берілетін 1050 пәтерге жұмыс істейтін жастар жайғасты. Жастарға биыл тағы сонша пәтер үлестіреміз деп отырмыз», - дейді Мейіржан Отыншиев.

Республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 246 отбасына қарыз берілген. Яғни 121 көпбалалы, 96 толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 29 отбасы баспаналы болды. Былтыр сондай-ақ көпбалалы 284 үйелменге тұрғын үй сертификаты берілген.

Көрсетілген қызметтің сапасын көтеріп, бизнес-процестерді оңтайландыру үшін тұрғын үй кезегінде тұрғандарды тіркейтін республикалық бірыңғай ұлттық жүйе құрылған. Осы жүйеге сәйкес, кезек толығымен электронды үкімет (e-gov) порталына ауыстырылған.

Тұрғындар ЭЦҚ көмегімен тұрғын үйге кезек қаншалықты жылжығанын, алдында қанша адам тұрғанын көре алады.

Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, бүгінде кезекке қоюдан бастап пәтер кілтін алғанға дейінгі баспана үлестіру процесі толық ақпараттандырылған.


Жоғары қарай