Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 18:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кәріз бен арық желісінің шойын қақпақтарын ұрлаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Торайғыров көшесінде төселген арық желісінің торы мен кәріз қақпағын алып кеткен. Күдіктілерді полиция ізін суытпай тапқан.

«28 және 30 жастағы екі ер адам мүліктерді металл өткізетін жерге сатпақ болған. Олар бұрын да осы тектес қылмыс жасағын үшін істі болған. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.


Жоғары қарай