Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

2019 жылдың 11 наурыз 2019 15:11

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурызда Almaty Arena спорт кешенінде Қазақстан, Ресей, Африка елдері, Венесуэла, Өзбекстан, Беларусь, Грузия және басқа да мемлекеттер боксшыларының қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «SULEIMEN Promotions» промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокс кешін Наурыз мерекесі тойланып жатқан уақытта өткізу жоспарланған.

«Жалпы, мұнда 16 боксшының қатысуымен 8 айқас өтеді. Кештің басты титулды кездесулері - жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысуымен өтетін жекпе-жектер болмақ. Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші орта салмақта оңтүстікафрикалық Лукас Ндафолуммен (15-1-6КО) қолғап түйістіреді. Аталмыш кездесуде WBA INTERNATIONAL чемпиондық белбеуі тігіліп, WBC ASIA и WBO GLOBAL белбеуі қорғалмақ. Лукас Ндафолуманың лақап аты «Күйретуші». Ал Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0-4КО) WBA INTERCONTINENTAL титулы үшін Венесуэла елінің боксшысы Иван Матутемен (28-1-23 КО) шығады. 25 жастағы венесуэлалық Иван Матуте (лақап аты «Эль Демоледор») 28 айқас өткізіп, 23-ін нокаутпен аяқтаған», - делінген хабарламада.

«Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының боксшысы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) WBC Asia титулы үшін шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласының кім болатыны әлі белгісіз.

Басты айқастардың андеркартында Дастан Сәдуұлы, (1-0, 1 KO) Ескендір Харсан, Асхат Жантұрсынов, Диас Тастеміров (3-0, 3КО) шығады.




null


null

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Алматы,
Жоғары қарай