Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

2019 жылдың 11 қазан 2019 16:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автокөлік ұрлаумен айналысқан екі адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысының 21 жастағы тұрғындары 1 ай уақыт ішінде Әуезов, Бостандық, Жетісу аудандарында көліктерді ұрлаумен айналысқан. «Тергеу нәтижелеріне сәйкес олар көбінесе «Мазда», «Митсубиси», «Тойота» көліктерін олжалауға тырысқаны анықталды. Ұрланған көліктерді олар ескі гаражға әкеліп, бөлшектеп отырған. Қазіргі таңда бұл дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Көліктердің барлығы иелеріне тапсырылды.

Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деді Қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Жоғары қарай