Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 23 адам эвакуацияланды

2019 жылдың 27 қазан 2019 12:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алмалы ауданында болған өрттен 6 адам құтқарылды, 20-дан астам адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қазаннан 27-сіне қараған түні алматылық төтенше жағдайлар департаментіне Шагабутдинов көшесіндегі үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Тез арада оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқанын көрген. Бірінші қабаттан басталған қою түтін бесінші қабатқа дейін тұмшалап алыпты.

«Өрт сөндірушілер жылдам пәтерге кіріп, 1949 жылы туған үй иесін тауып алды. Ол өз бетінше сыртқа шыға алмай қалған. Құтқарушылар оған құтқарушы киімін кигізіп, тез арада таза ауаға алып шықты. Сол үйде тұратын, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын тағы 5 қария құтқарылды. 23 адам эвакуацияланды. Оның бесеуі – бала», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Алмалы ауданы полиция қызметкерлері үй тұрғындары арасында дүрбелең болмас үшін қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етті. Оқиға орнында барлығы 17 адам, 6 техника жұмылдырылған.

Кейін белгілі болғандай, пәтердегі заттар жанған. Жалын 10 минутта сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Жоғары қарай