Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алматыда коронавирустың 31 ошағы белгіленген

2020 жылдың 4 сәуір 2020 22:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 31 ошағы бар. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің 4 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 31 аймағы белгіленген.

Әуезов ауданында – 6 ошақ аймағы: «Жетісу-2» ш/а, 70а; «Мамыр-4» ш/а, 313; № 6 ықшамауданы, 35; № 1 ықшамауданы, 28; «Мамыр- 4» ш/а, 54; Афцинао, 4.

Алатау ауданында – «Ақкент» ықшамауданы, 7; «Ақбұлақ» ықшамауданы, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190.

Алмалы ауданында – 3 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85, Байзақов көшесі, 232.

Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62; «Самал-3» ш/а. 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493 мекен-жайы бойынша 4 ошақ.

Жетісу ауданында – 4 ошақ: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ш / а, 45; Борзов к-сі, 85.

Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелген: «Жұлдыз» ш/а, 45; «Жұлдыз-1» ш/а, 13.

Бостандық ауданында — Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; «Орбита-1» ш /а, 27; Байзақова көшесі, 299а; Байзақова көшесі, 42.

Наурызбай ауданында – Береке көшесі, 1/97-де 1 ошақ

Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 14 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Атап айтсақ, мекенжайлар тізімі мынадай:

Алатау ауданы –«Заря Востока» ш/а, Сары-ой к-сі, 234;

Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;

Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242;

Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Достық к-сі, 111;

Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;

Түрксіб ауданы – «Алтай-1» ш/а, 8; «Жас Қанат» ш/а, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а.


Жоғары қарай