Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алматыда қурай шөптің өртену оқиғалары көбейген

2019 жылдың 17 наурыз 2019 20:53 813

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда қурай шөптердің өртенуі белең алып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 наурызда  Түрксіб  ауданында Асылбеков көшесінің бойындағы жарты гектарға жуық құрғақ шөп өртеніп кетті.

«Өрт сөндірушілер өрттің ары жайылуының алдын алды. Біз адамдарды өрт қауіпсіздігінің ережелерін ұстануды сұраймыз. Жекеменшік үйлердің тұрғындарын құрғақ шөп пен өртенетін қоқыстан тазалауға шақырамыз. ШОБ нысандары басшыларынан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеміз»,- деді департамент өкілі Арман Байгелов.

Жыл басынан бері Алматыда 26 рет шөп өртену оқиғасы тіркелген.

Демалыс күндері ТЖД өкілдері 12 мың тұрғын үйді аралап, 13 мың жаднама таратқан.

 

 

Жоғары қарай