Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматыда қылмыс деңгейі 10,9 % төмендеді

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 11:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2019 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі на 10,9% төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, кісі өлтіру саны 6,7%, зорлау 18,3%, бөтенің мүлкін ұрлау 17,6%, ұялы телефон ұрлығы 34,3%, көлік ұрлығы 19,2%, көлік ішін тонау 39,8%, бүйір айналарды ұрлау 3,9 есеге төмендеген. Қарақшылық шабуыл 43,0%, бұзақылық 5,2%, есірткі қылмысы 17,5% азайған.

Қылмыстың барлық түрі бойынша ашу көрсеткіштері жақсарған. Оның ішінде ауыр қылмыс 1,9 % және аса ауыр қылмыс 11,6 %. Кісі өлтіру + 2,7%, ауыр дене жарақаты + 1,3%, зорлау + 14,3%, бөтенің мүлікін ұрлау + 30,7%, үй ұрлығы + 3,4%, тонау + 2,1%, қарақшылық шабуыл + 8,9%, бұзақылықтың ашылуы 19, 1% -ға өсті.

Ізін суытпай 18 мың қылмыс ашылды. Оның 5 мыңнан астамы бұрын жасалған қылмыс.

244 қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның 25-і қарақшылық шабуыл; 91 - тонау; 22 - пәтер ұрлығы; 73 - қоғамдық орындарда жеке мүлікті ұрлау; 16 – көлік ұрлығы.

2019 жылы 271 эпизодты ұры және 581 қылмыскер ұсталды. 253 хабар-ошарсыз жоғалғандардың қайда екендігі анықталды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай