Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Алматыда Мәжіліс депутатын тонап кетті

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 11:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Смирнова Facebook -те жазды.

Оның сөзінше, үш апта бұрын ұрылар көлігінің терезесін шағып, ішіндегі сөмкесін қолды еткен.

«Мені жақында Алматыда тонап кетті. Көлігімнің терезесін шағып, сөмкемді алып кетті. Қайта онда құнды дүние болған жоқ. Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияны шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Алайда, жанымдағылар полиция шақыру керек деп кеңес берді. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: «Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істе дейсіз енді?», деп бетіме қарап тұрды», - деп жазды Ирина Смирнова.




Бұған жауап ретінде депутат құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне иықтарындағы погонды шешіп тастауды ұсынды.

Алматы қалалық полиция департаменті, 5 қаңтар күні депутат Ирина Смирнова көлігінің тоналғаны туралы арыз түсіргенін атап өтті.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамында криминалдық полиция қызметкерлері бар»,- деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.


Фото: Ирина Смирнова/facebook.com


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай