Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алматыда «Мега» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр

2019 жылдың 11 қазан 2019 10:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Осы уақытта Алматы полициясы «Мега» сауда, ойын-сауық орталығынан адамдарды қауіпсіз жерге шығарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан «Мега» СОО-дан күдік туғызатын зат табылған. Қазір қаланың шұғыл және жедел қызметтері бұл затты тексеруде.

Партуль экипажы ғимараттағы келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялап, көліктерді қашық аймаққа шығарып жатыр.

Полиция қала тұрғындарына сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздері таратқан мәліметті басшылыққа алуды сұрады.

Жоғары қарай