Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматыда Наурыз мейрамы қайда тойланады

2019 жылдың 2 наурыз 2019 22:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Наурыз мейрамы Алматыда алғаш рет 7 мерекелік алаңда атап өтіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«21-24 наурыз аралығында кең көлемді іс-шаралар 7 негізгі алаңда өтеді, олар: Астана алаңы, Панфилов көшесі, Жібек жолы көшесі, AlmatyArena мұз айдыны кешенінің аумағы, HalykArena мұз айдыны кешенінің аумағы, Халықаралық «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешені, «Атакент» көрме кешені алдындағы алаң», - деп хабарлады Алматы әкімдігінде.

Биылғы Наурыз мейрамының ерекшелігі бүкіл қала аумағы қамтылады: шаһардың батыс бөлігіндегі AlmatyArena мұз айдынынан шығыс жақтағы HalykArena кешеніне дейін мәдени бұқаралық шаралар ұйымдастырылады.
Тұңғыш рет таудың етегінде, «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде және қаланың орталығында - «Атакент» көрме кешені алдындағы алаңда Жастар жылына орай шаралар өтеді.

Мерекелік алаңдарда алматылықтар мен қала қонақтарын сүйікті әртістерінің өнері, этно-қойылымдар, декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі, қайырымдылық акциялары және басқа да көптеген тосынсыйлар күтеді.

Басты сөздер: Наурыз мейрамы, Алматы,
Жоғары қарай