Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/article.php on line 13

Алматыда ойын автоматтары орнатылған 200-ге жуық орын табылды

2019 жылдың 23 наурыз 2019 20:37 724

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 374 ойын автоматы орнатылған 199 орын анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қаладағы түрлі сауда нүктелерінде автоматтардың орнатылуы және құмар ойындары ойнатылатын интернет залдардың қызметтері  ҚР ҚК 307-бабында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылыққа сай келеді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Ведомствода түсіндіріп өткендей, ойын бизнесіне заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан заң бұзушылықтар әлі де кездесуде. Түрлі коммерциялық орындарда ойын құралдары орнатылып жатыр.

 «Қазіргі уақытта алматылық тәртіп сақшылары 374 ойын автоматтары орнатылған 199 орынды анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар уәкілетті органдарға жіберілді. Заңсыз ойын бизнесін жүргізген орындар мен дүкендердің әкімшілігі жауапқа тартылады», - деп түсіндірді Ізбасар Бектұров.

 

 

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай