Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 11:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары Медеу ауданында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан кезде үш адамның жолын кесті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық топты қолға түсіру үшін арнайы операцияны қаланың криминалдық полициясы арнайы күштердің көмегімен жүргізді.

«Ұрылар пәтерден 43 мың доллар мен алтын бұйымдарды қолды еткен. Бұл заттай дәлелдемелер күдіктілерді ұстаған кезде табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру және тексеру барысында қылмыстық топтың пәтер тонау бойынша үш фактіге қатысы бар екеі анықталды. Топ үш адамнан тұрады: 1992 жылы туған Н, 1990 жылғы О. және 1991 жылғы Ф. есімді азаматтар. Күдіктілердің біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған», - дейді Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, пәтер ұрылары негізінен үйлерді күндіз тонайды. Осы әдісті олар да қолданған. Үйде біреудің бар-жоғын білу оларға қиынға соқпайды. Күзет дабылы жоқ баспаналарды нысанаға алады.


Жоғары қарай