Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Алматыда полицейлер адам келбетін танитын бағдарламамен жұмыс істейді

2019 жылдың 17 шілде 2019 17:09 217

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Полиция департаменті полицейлердің планшеттеріне адам келбетін танитын бағдарлама орнатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жаңашылдыққа жол полициясы қызметкерлері мен жергілікті полиция инспекторлары қол жеткізеді.

«Жаңа механизмнің жұмысы мынандай болмақ, полицейлердің жұмыста қолданатын планшеттерінде адам келбетін тану модулі орнатылады. Ол көптеген функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нақты уақыт режімінде адамдарды анықтауға, толықтай тексеруге, қылмыстарға қатысы бар жоғын білуге, іздеуде жүрген, жүрмегенін анықтауға көмектеседі. Оқиғалар мұрағатындағы бейнемәліметтерді талдауға және жинақтауға болады. Бұл жаңашылдық қылмыстық істерді тергеуге, қылмыскерлерді іздестіру бойынша операциялық жұмыстарды жақсартуға өз септігін тигізбек»,- деп мәлімдеді Алматы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай