Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда полицейлер қаққан әйел ауыр халде жатыр

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 16:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция көлігі қағып кеткен әйелдің қазіргі жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.

«Пациент жабық ми жарақатымен, миы шайқалып, сол жақ иығы мен жіліншігі сынып түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты әрі ауыр деп бағалап отыр», - деді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жол апаты таңертең Алмалы ауданында болған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды кесіп өтпек болған. Сол мақсатпен ол автобустың артынан жүгіріп шыққан. Бұл сәтте Төле би көшесімен батысқа бет түзеп келе жатқан Хюндай маркалы полиция көлігі оны қағып кеткен.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай