Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кеткен сәт бейнеленген видео желіге тарады

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 17:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеше полиция көлігі қарт әйелді қағып кеткен болатын. Бүгін әлеуметтік желіде сол көлік оқиғасының видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктің видеорегистраторына түсіп қалған. Онда Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды кесіп өтпек болған қарт әйелді полиция көлігі қағып кетеді.

Естеріңізге салайық, 4 қыркүйек күні таңертең полиция көлігі әйел адамды «Тастақ» базарының маңында қағып кетті.

Жәбірленушінің жағдайы ауыр.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, ҚР ІІМ, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай