Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

2019 жылдың 7 қараша 2019 11:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш Республика сарайының солтүстік жағында қойылды.

«Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.




Ескерткіштің ашылуына өнер саласындағы азаматтар, өнерсүйер қауым, қаланың зиялы қауым өкілдері, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова және ұрпақтары келді.




«Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын», - деді Жәмила Қалдаяқова.




Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Өнер, Алматы,
Жоғары қарай