Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматыда шетелдік нөмір таққан көліктерге рейд жүргізіле ме

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 13:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүрген шетелдік нөмірлі көліктерге арнайы рейд ұйымдастырыла ма? Бұл сұраққа қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ешқандай арнайы рейд өткізбейміз. Бұл шетелдік нөмірлі көліктер күнделікті патруль кезінде жол қозғалысы ережелері бұзылған кезде тоқтатылады. Олар заң бойынша жауапқа тартылады», - деді Жандос Мұратәлиев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бір жылдан астам уақыт болған Армения, Қырғызстан, Ресей нөмірлі көліктер заңнан тыс қалады деп хабарланған болатын. Заңға енгізілген бұл түзетулер «бөтен» нөмірі бар көлік иелерінің арасында үлкен наразылық тудырды.

Кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзге елде тіркелген автокөліктерге тыйым салуға қатысты пікір білдірді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Заң, Көлік,
Жоғары қарай