Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Алматыда шетелдік туристер саны 45%-ға өсті

2019 жылдың 18 маусым 2019 13:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов мегаполиске келетін шетелдік туристердің саны арта түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 15 жылда Алматыда алғаш рет шетелдік туристердің саны 45,9%-ға артқан. Статистика комитетінің дерегі бойынша биыл бірінші тоқсанда тұңғыш рет Алматы қаласында 45,9%-ға өсім байқалды. Шетелдік туристердің саны 91,3-ға мыңға жеткен», - деп жазды Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ, ол шетелдік туристердің саны тіпті ірі халықаралық шаралар мен Азиада Универсиада кезінде де мұндай дәрежеге жетпегендігін айтты.

Жалпы, Алматы қаласындағы туристердің саны 25,8%-ға артып, 271,5 мың туриске жетті. Оның ішінде ішкі туризм 17,6% өсті.

Тағы бір айта кетерлігі, бір жылдың ішінде қонақ үй мен хостелдер 40,5%-ға өсті. Қызмет көрсету көлеміде 6,6 млрд теңге ұлғайып 35,6%-ға жетті.

Жоғары қарай