Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Алматыда смартфон ұрлаумен айналысқан алаяқ қолға түсті

2019 жылдың 14 қараша 2019 11:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алаяқтық жолмен бөтеннің смартфонын иемденген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 22 жаста. Е. есімді азамат еш жерде жұмыс істемейді. Көбіне тәулік бойы жұмыс істейтін букмерлік кеңселерде жүреді. Мешіттерде тамақтанады.




«Телефон шалып алайыншы» деп өтініш етіп, смартфон ұрлаумен айналысқан жас жігіт өзінің құрбандарын букмекерлік кеңселерден іздеген. Күдікті жаңа танысқан адамдардың сеніміне ойдан шығарылған түрлі әңгімелер айту арқылы кірген. Олардан «әйелім аурып жатыр, телефон шалуым керек» деп, смартфондарын сұрап алған. Қолына телефон тие салысымен ізін суытқан. Негізі оның әйелі жоқ. Алаяқтық жолмен қолды еткен телефондарды арзан бағаға сатқан. Қазір күдікті ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Жоғары қарай