Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматыда соғыс жылдарындағы әндер шырқалды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 12:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жеңіс күніне арналған «Времён связующая нить» атты концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры «Дегдар» гуманитарлық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Белгілі қазақстандық әртістер соғыс жылдарындағы сүйікті әндерді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында орындады.


"Жеңіс күніне арналған қайырымдылық концерт өткізуді 18 жыл бұрын Дариға Назарбаева бастаған. Ол өзінің Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған бірінші қайырымдылық концертін 2001 жылғы 6 мамырда берді. Дариға Нұрсұлтанқызының дәстүрлі шығармашылық бастамасын шығармашылық өкілдері қолдады. Мақсатымыз - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тылдағы ардагерлерге деген құрмет пен алғысты көрсету, жауынгерлік әрекеттерге қатысушылардың ерлігін есте сақтау, Қазақстан жастарын патриотизм рухында тәрбиелеу", - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов.

Концертті Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Генералдар Кеңесінің өкілдері, Ауғанстандағы ұрысқа қатысқан жауынгерлер, әскери мектептердің курсанттары, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары тамашалады.

Соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы композицияларды тұңғыш Президент Қорының лауреаттары - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов (баритон) және Медет Чотабаев (тенор); ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева (сопрано); халықаралық конкурстардың лауреаты, «Forte Trio» мемлекеттік трионың солисі Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка), атақты пианист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Времен связующая нить» жобасының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев орындады.


Әртістердің өнері «Камерата Казахстана» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен, Павел Тарасевичтің дирижерлігімен ұсынылды.

Жеңіс күні мерекесінің аясында Тұңғыш Президенттің Қоры Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлеріне ақшалай сыйлық және азық-түлік себеттерін сыйға тартты.










Жоғары қарай