Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алматыда тауда мертіккен турист табылмай жатыр

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 16:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құтқарушылар аяғын қайырып алып, таудан түсе алмай қалған адамды екінші тәулік бойы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кеше кешкі 16:00 шамасында кезекші пультіне Көк Жайлау шатқалында бір ер адамның жарақат алғаны туралы хабарлама түскен.




Аяғын қайырып алған турист таудан өздігінен түсе алмаған. Бұл жайлы оның қасындағы сапарластары құтқарушыларға қоңырау шалған.

«Оқиға орнына 5 адамнан тұратын жасақ жіберілді. Құтқарушылар бұлақ басына жеткен соң ары қарай жаяу көтерілуге мәжбүр болған. 300 метр қашықтықтан соң жапа шеккен адамның сапарластары құтқарушыларға туристің отырған жерін шамамен көрсеткен. Ер адам өзеннің арғы бетінде қалған. Ауа райының қолайсыздығы, қалың тұман іздестіру жұмыстарына кедергі келтірді. Құтқарушылар кері қайтуға мәжбүр болды. Бүгін осы маршрут бойынша тағы құтқару жасағы жіберілді. Бірақ әлі нәтиже жоқ», - деді құтқару қызметінен.

Айта кету керек, Алматы тұрғыны Әсел Панарғалиева 10 қараша күні Үлкен Алматы көліне жалғыз саяхаттап шыққан. Содан бері қыз үйіне оралған жоқ.



Жоғары қарай