Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыда тоналған депутат: Полицейге қатысты тергеу басталды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 20:45

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованы тонап кеткен жерге келген полицейге қатысты тергеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін депутат оқиға орнына келген полицейдің сөзіне кейігенін жазған болатын. Ол Смирнова ханымға: «Неге уайымдайсыз? Бұл бұрын да болған, бар және бола береді. Ұрылар әрқашан болады. Енді не дейсіз?» деген.

«Оқиға орнына келген полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша тәртіптік шара қолданылады. Дегенмен, қарамағымдағы қызметкердің әрекеті үшін кешірім сұраймын», - деді қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Ирина Смирнова тонау фактісімен полицияға арыз жазған болатын. Оның арызы ҚР ҚК 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді.

«Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау үшін жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамында қаланың қылмыстық полиция қызметкерлері бар. Қазіргі уақытта тергеу және жедел шаралармен қатар, қаланың бейнебақылау жүйелеріне, сонымен қатар қылмыс болған жерге мониторинг жасалып жатыр», - деп толықтырды Серік Күдебаев.

Айта кетейік, Ирина Смирнова – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.


Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай