Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Алматыда түнде қыдыруға шыққан балалардың ата-аналары айыппұл төледі

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 16:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі өтті. Балаларын көңіл көтеру орындарына жіберген ата-аналар айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, ойын-сауық мекемелерге түнгі уақытта, заңды өкілдерінсіз барған кәмелетке толмағандарды анықтау. Аталған кешенді шараға ПД-нің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдері жұмылдырылды», - дейді Алматы қалалық ювеналды полиция басқармасының бастығы Ләйлә Әліпбаева.

Шара барысында полиция басқармасына барлығы 296 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдер жасаған 284 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 12 баланың кезбелікке салынғандығы белгілі болды. Олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының тізіміне алынған 20 жасөспірім, 25 қолайсыз отбасы алынды.

Сондай-ақ, балалары түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерлерде жүргені үшін 242 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көңіл көтеру мекемелерінің 6 лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік істердің материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

«Бұдан бөлек, қаланың сауда орындарында кәмелетке толмағандарға ішімдік мен темекі сатқан 9 факті анықталды. Іс-шара барысында көшеде және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында базарларда, ойын-сауық орындарында, теміржол вокзалдарында, қоғамдық орындарда және қала көшелерінде рейд жүргізілді», - деп қортындылады Ләйлә Әліпбаева.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай