Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Алматыда түтіндеген лифтіден әйелдер мен балалар құтқарылды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 13:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы құтқарушылары лифтінің ішінде қалып қойған адамдарды 2 минутта шығарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«31 тамыз күні сағат 20.25-те «101» пультіне Алатау ауданының Ақкент шағынауданы, 4 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде лифтінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Сағат 20.34-те жеткен құтқарушылар 9 қабатты үйдегі лифтінің кабина ішіндегі электр сымының қысқа тұйықталуы болғанын анықтады. Өрт тұтанбаған», - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінен.

Лифтінің ішінде 5 адам болған: 12, 8 және 2 жасар балалар, 1974 және 1976 жылы туған әйелдер.

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары екінші қабаттың деңгейінде тоқтап қалған лифтінің кабинасын қолдағы құралдардың арқасында 2 минуттың ішінде ашып, адамдарды шығарып алған.

Еламан Тұрысбеков


Басты сөздер: Аймақ, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай