Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 22:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пункт «Ақ Бастау» медициналық спорт кешенінің базасында құрылды, жалпы көлемі150 кв. м. Енді білікті дәрігерлік көмек ықшам аудандағы тіркелген 10560 адамға көрсетіледі, олардың 3021-і диспансерлік есепте тұрғандар.




Жаңа медициналық мекемеде жалпы практика дәрігерінің, дәрі-дәрмектерді егудің, сырқатты қараудың және аурудың алдын алудың кабинеттері жұмыс жасайды. Медициналық көмекті 6 дәрігер, 15 орташа медицина қызметкері көрсетеді.




Бұдан өзге, пункт аумағында құнды тұз шахтасы бар. Мұндай медпункттерді Наурызбай ауданының өзге елді мекендерінде ашу жоспарланған.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездескен кезде тұрғындар қолжетімді медмекемелердің жоқтығын айтып, шағымданған еді.














Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай