Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Алматыда жастардың «Жаңа толқын 100+» атты форумы өтті

2019 жылдың 14 маусым 2019 17:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасампаз жастардың «Жаңа толқын 100+» форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Президентінің әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры С.Мәжитов, ҚХА жаңғыру жолы РЖҚ аймақтық көшбасшылары, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар, жиында 100 жаңа есім жобасының лауреаттары қатысып, жетістікке жету жолдарымен бөлісті.

Форумның мақсаты жастарды білім алуға және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын іздеуге тарту мен ынталандыру, Жастар жылы аясында жаңа идеялар мен жобларды қолдау, сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйледі.

«Өткен сайлаудың маңызы зор. Елбасы қалаған Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты ары қарай жалғасын табатын болады. Сайлау нәтижелері халқымыздың жоғарғы саяси мәдениет, азаматтық кемелдік деңгейін танытып дәлелдеді. Бәріміз де елдің тұрақтылығына, қауіпсіздігі мен өрлеуіне сенімдіміз. Бұл сайлауда жастар да өз үнін қосты. Бүгін «Жаңа толқын 100+» форматында кездесіп отырмыз. Бұл форум жастарымыздың арасында коммуникативтілікті жақсартпақ. ҚХА жанынан «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ашылғалы бері 1 жыл уақыт өтті. Бірінші жылы ҚХА жастар ұйымдарының бір арнаға шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. 17 қалалық және облыстық штаб құрылды. Бұл ұйымда қазір 5 мыңға жуық жас белсінді жұмыс істеп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастардың прогрестің қозғаушы күші, Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқаратынын айтты», - деді Жансейіт Түймебаев.



null

Оның айтуынша, биыл ҚХА бірқатар жаңа жобалардың тұсауын кеспек.

«Әлеуметтік хакатон», «Ауыл әкімі болғым келеді», «жастар синергиясы» жастардың барлық потенциалын ашуға мүмкіндік бермек.

Жиында Республиканың аймақтарынан келген жастар баяндамаларын жасады.



null

Атап айтсақ, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпазы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева, Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық штабының төрағасы Роксана Орынбасарова, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «JAGSYLYQJASA» жобасының авторы Эльчин Хамедов баяндама жасап, жобаларын таныстырды.




null


null


null

Жоғары қарай