Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Алматыда жеке үй өртеніп, бір әйел көз жұмды

2019 жылдың 16 қазан 2019 09:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеке үйде шыққан өрт кезінде 59 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қазанда сағат 22.22-де Алматының »101« пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. 23.00-де 25 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесі өлі табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен төрт арнайы техника жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды.

Жоғары қарай