Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Алматыда «Жолбарысты құтқару» деректі фильмінің тұсауы кесілді

2019 жылдың 28 наурыз 2019 22:39 672

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кинотеатрларының бірінде «Оскар» сыйлығының иегері Росс Кауфманның «Жолбарысты құтқару» деректі фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Фильмнің түсірілімі жолбарыстарды сақтау және оларды көбейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілетін әлемнің ең ірі қорғауға алынған аймақтарында жүргізілді. Фильмнің басты кейіпкерлері, сондай-ақ өз өмірлерін жолбарыстарды қорғауға және зерттеуге арнаған адамдар болды. 

Ұйымдастырушылар аталған фильмнің Қазақстан үшін де маңызы зор екенін атап өтеді.

Елімізде екі жылдан астам уақыт бойы жолбарыстарды қайта жерсіндіру жобасы белсенді жүргізіліп отыр. Соның аясында көптен күткен 415 мың гектар жерді қамтитын Іле-Балқаш резерваты пайда болды. Ол өз кезегінде жолбарыстардың болашақ популяциясы үшін өз үйлеріндей болмақ.

«Жолбарыстардың жойылып кету қаупі төнгеніне адамдардың назарын аударғымыз келеді. Бұның қауіптілігі болашақта экологиялық апаттарға әкеп соқтыруы мүмкін. «Жолбарысты құтқару» жаңа жобасы қорық орындары арқылы адамдардың жолбарыстардың толығымен жойылып кетуіне қалай жол бергені туралы сұраққа жауап беріп, бүгінгі таңдағы осы таңғажайып жануарларды қалай құтқаруға тырысатынын көрсету үшін ұзақ сапарға аттанады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Қазақстандық көрермен фильмнің толық нұсқасын 31 наурыз күні Discovery Channel арнасынан көре алады.


Авторы Еламан Тұрысбеков

 

 

Басты сөздер: Аймақ, Алматы, Экология,
Жоғары қарай