Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда жүгенсіз жүргізушілердің «қара тізімі» жасалды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 18:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жолаушылар көлігі кәсіпорындарының қауымдастығы жүргізушілердің базалық еңбекақысын есептеу тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізушілердің базалық еңбекақысын бірыңғай есептеу әдістемесі жасалды. Ол сағаттық базалық жалақыдан, қосымша төлемнен, түнгі уақыттағы әрі мереке күндергі жұмыс үшін ақыдан және сыйақыдан тұрады. Сыйақы жалақының 25-50 пайызын құрайды», - деді қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Қоғамдық кеңестің отырысы барысында.

Оның айтуынша, автобус жүргізушілерінің орташа жалақысы 198 мың теңге болып отыр. Бұл ретте, 2018 жылдың соңғы тоқсаны мен 2019 жылдың басында мамандардың біліктілігін арттыру орталығында 415 жүргізуші қайта оқудан өткен. Сондай-ақ, 2110 адам жолда жүру және жолаушыларды тасымалдау ережелерін білу, алғашқы медициналық көмек көрсету алу деңгейіне тест тапсырды.

Басқарма мамандары жүргізушілердің есеп реестрін жасап қойған. Базаға 3416 жүргізушінің жұмыс орны, еңбек өтілі, құқықбұзушылықтары туралы деректер, айыппұлдары, жолаушылардың пікірлері және тағы басқа мәліметтері енгізілген. Соның нәтижесінде жүргушілердің рейтингі құрылып, «қара тізімі» жасалады.

Сағындық Телібаевтың айтуынша, қалада 957 аялдама павильоны орналасқан.

БРТ желісімен аялдама павильондарында 8 электронды табло орнатылған. Бұл таблолардан автобустардың аялдамаларын көріп отыруға болады.

Жоғары қарай