Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Алматыдағы Абай көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

2019 жылдың 11 қазан 2019 14:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Мобильді басқарма басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан Абай көшесін батысқа қарай созу жұмыстары мен жол айырығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш жол айырығы салынуда. Төртіншісін - Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесінен енді бастаймыз. Үш жол айырығына тоқталып өтейін. Құлжа тасжолы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жұмыстар аяқталды. Нысан 95% дайын. Қазан айында абаттандыру жұмыстарын аяқтап, жыл соңына дейін нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Рысқұлов-Емцов көшелеріндегі жұмыстар жер учаскесін сатып алу тәртібіне байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл проблемалық мәселе, сот процесі жүріп жатыр. Сондықтан жұмысты жалғастыру мүмкін емес. Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінде де дәл осындай мәселе туындап отыр», - деді Алматы қалалық Мобильді басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Ол ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жер сатып алуға қосымша қаржы бөлінгенін атап өтті.

«Абай даңғылын созу жұмыстары жалғасуда. Егер жол түсетін учаскелер сатып алынса, кедергілер болмаса, 2020 жылы толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс, Аймақ,
Жоғары қарай