Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Алматыдағы қалта ұрыларының суреттері жарияланды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 18:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялауды жалғастыруда. Олардың қатарында жас қыз-жігіттер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін көпшіліктің назарына 34 қалта ұрыларының суретін жариялап отырмыз. Олар өз құрбандарын қоғамдық көліктен іздейді. Осы жолы сұғанақтардың қатары жастармен толығыпты. Ұсталған қалта ұрыларының арасында 2001 жылы туғандар бар. Сондай-ақ, бұрын осы қылмысы үшін жауапқа тартылғандарды да кездестіруге болады»,- дейді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Суреттегі адамдардан, зардап шеккен дер бол са Алматы қаласы ПД -нің криминалдық полиция басқармасына 254-40-12, 254-43-93 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласу ға болады.





Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай