Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Алматыдағы қараңғы көшелер мен аулалар жарықтандырылып жатыр

2019 жылдың 24 тамыз 2019 20:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық полиция департаменті қылмыс жиі болатын, көшелері тас қараңғы аймақтардың картасын жасаған болатын. Департамент мәліметінше, мұндай орындар саны – 148. Қылмысқа әсер ететін себептердің бірі – жарықтың жоқтығы. 83 көше мен 65 аула жарықтандырылмаған. Жыл соңына дейін 83 көшенің 22-сіне жарық орнатылады. Қалған 61 көшені 2021 жылға дейін жарықтандыру жоспарланып отыр.

Қалалық инфрақұрылымдық даму және энергия тиімділігі басқармасы аулаларды жарықтандыру ісін бастап кетті. 62 ауланы түгелімен қамту ойда бар. Бүгінгі таңда Түрксіб ауданына қарасты 5 аулада жұмыстар толық аяқталған.

Жоғары қарай