Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Алматыдағы қисайған үй: құрылыс-монтаж жұмыстары қашан аяқталады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 17:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта «Зерделі» ықшамауданындағы қисайған көпқабатты үйде жүрігізіліп жатқан жұмыстар туралы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сараптама нәтижесі бойынша, үйді қайта қалпына келтіруге болады. Қазір жұмыс жүріп жатыр, тағы 3-4 айға созылуы мүмкін. Ол жағын нақты айта алмаймын. Сол үйдің тұрғындары басқа жақта пәтер жалдап тұрып жатыр. Оның ақшасын әкімдік төлейді. Үйдің іргетасы бетонмен толтырылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Біз тұрғындармен үнемі кездесіп, түсіндіріп отырамыз», - дейді аудан әкімі.

Бұған дейін, «Зерделі-6» шағынауданындағы №179 үйдің зерттеу нәтижелерін ҚазҚСҒЗИ жария еткен болатын.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағынауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып дабыл қаққан еді.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.

Қаңтардың 18 күні прокуратура қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеме жасады.



Жоғары қарай