Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыдағы коронавирус жағдайы туралы

2020 жылдың 6 сәуір 2020 10:00

Алматыда коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді
Ауруға шалдыққандармен байланыста болған тағы алты адамнан вирус анықталған.
Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.
79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.
Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.
Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар.
Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.
Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – балалар.
Екікүндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4805 адам жатыр.


Басты сөздер:
Жоғары қарай