Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Алматыдағы медицина ұйымдарына тегін медициналық көмек үшін 72 млрд теңге төленді

2019 жылдың 20 тамыз 2019 12:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 72,3 млрд теңге төленді.

2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 114 млрд теңгеден асады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады», – деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетсек, Медицинадық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 114,6 млрд теңгені құрап отыр.


Перевод Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай