Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алматыдағы моншалар мен сауналар өздерінің кірістерін 2,5 есе төмендетіп көрсеткен

2019 жылдың 21 қазан 2019 13:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте тамақ және ойын-сауық саласындағылар кірістерін 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, тәуекел аймағына түскен салық төлеушілерге қатысты камералық мониторинг басталды. Ал, өздерін адал салық төлеуші ретінде көрсеткен кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тексеру шаралары жоспарланбаған.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 219 салық төлеушіге ескерту берілді. Оның ішінде 34 салық төлеуші тамақтану орындарына, монша мен саунаға, қонақ үй кешендеріне уақтылы зерттеу жүргізілуде. Мұндағы кіріс 12,1 млрд теңгені құрады. Хронометрлік бақылауға дейін салық төлеушілер небары 5,4 млрд теңгені көрсеткен, яғни 6,7 млрд теңгені жасырған.

Сонымен қатар, қызметкерлер саны мен жалақы қоры 1154 қызметкерден 1550 қызметкерге дейін өсті, және де 242,6 млн. теңге мөлшерінде салық есептілігінің қосымша нысандары тапсырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекел тобына кірістер мен қызметкерлер санының азаю фактілері бойынша салық есептілігі деректерін талдау негізінде анықталған салық төлеушілер кіреді. Салық төлеушілердің бұзушылықтары: кірістерді бірнеше есе азайтуы, шот-фактураларсыз алкогольдік ішімдіктерді сату және сақтау фактілері бар, фискалдық мәліметтерді жасыру арқылы кассалық тәртіпті бұзу, яғни сатып алушыларға фискалдық чектердің орнына R-Keeper жүйесінің түбіртегін беру.

«R-Keeper» арқылы өткен түбіртектер фискалдық емес және кассалық машинадан өтпейді, осылайша кірістер бюджетке түспейтінін айта кету керек.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті - бизнесті көлеңкеден шығару және кәсіпкерлерді өз еркімен салық төлеуге тарту.

Осыған байланысты, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласының кәсіпкерлерін, тұрғындарын салықты уақтылы және толық көлемде төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға шақырады.

Жоғары қарай