Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Алматыдан 171 км қашықтықта жер сілкінді

2019 жылдың 2 сәуір 2019 08:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні 7 сағат 41 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 171 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.2. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Басты сөздер: Алматы, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай