Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыдан 317 км қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 15 ақпан 2020 12:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні сағат 11.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 317 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,3. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 бағаны бойынша) түскен жоқ.

Еске салайық, бүгін сағат 9:31-де ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 242 км қашықтықта болған жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасты.




Жоғары қарай