Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Алматылық дәрігерлер Арыс тұрғындарына көмектесуге дайын

2019 жылдың 25 маусым 2019 22:41 491

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - №4 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері және Алматы қаласының № 11 емханасының ұжымы  Арыс қаласы тұрғындарына көмектесуге әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің қызметкерлер  Арыс  тұрғындарына   көмектесуге дайын. Бір күндік жалақыларын  Сақтандыру қорына аударды.Бұл біздің ортақ қайғымыз, мыңдаған адам Шымкент, Мұнайтас, Қабылсай және Шағырдағы эвакуациялық орталықтарға орналасқан. Біз  барлығына көмектескім келеді », - делінген  №4 қалалық клиникалық аурухана хабарламасында.

Аурухана қызметкерлерінің қайырымдылық сомасы 2 600 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, бүгін №11 қалалық  емхана дәрігерлері де, бір күндік жалақыларын аударды, олардың жалпы сомасы 450 мың теңге.

«БАҚ өкілдері балаларға арналған киім-кешектер, балалар тамағы және  жеке күтімге қажетті заттардың жеткіліксіз екені  туралы хабарлады.  Біз Оңтүстік өңірде орын алған  қиын жағдайға бей-жай қарай алмаймыз. Сондықтан, медицина  қызметкерлері  қайырымдылық акциясын қолдайды»,-  деп хабарлайды  Алматы қаласының №11 емханасы.

Автор: Алма Мұқанова

 

 

Басты сөздер: Жақсылық жаса, Алматы, Арыс,
Жоғары қарай