Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Алматылық ЖОО Бердібек Сапарбаевқа ақылды роботты таныстырды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 10:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі ІТ паркті, процестік инновациялар орталығын, жерді қашықтан зондтау орталығын аралап көрді. Оқу орнының өкілдері маңызды ғылыми жобаларын көрсетті.

Атап айтқанда, сөйлейтін, еститін, көріп, түсіне алатын, сондай-ақ сұрақ қоя алатын QazBot интеллектуалдық құлтемірі таныстырылды.




Сонымен қатар, вице-премьер Шығыс ойшылы әл-Фарабидің музейін аралап көрді.

«Бұл мұралар әл-Фараби Қазақстан аумағында туып, өмір сүргенін дәлелдейді», - деді ол.

Одан әрі «Ұлы даланың жеті қыры» музейімен, сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорымен, Тұңғыш Президент залымен танысты.







Бүгін вице-премьер университеттердің жаһандық саммитіне қатыспақ.


Жоғары қарай