Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Алматылық жүргізушілер 1500 рет автобус жолағына шығып кеткен

2020 жылдың 21 ақпан 2020 14:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автобус жолағына шыққан көліктерді бақылау үшін рейд жұмыстарын жалғастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушылықтың көпшілігі Абай даңғылында – 322 рет, Төле би көшесінде – 301 рет, Райымбек даңғылында 790 рет тіркелген.

«Негізінде қалалық полиция экипаждары қоғамдық көлік жолағына шығу туралы құқықбұзушылықтарды үнемі бақылауда ұстап отырады. Көбінесе жүргізушілер Абай, Райымбек, Төле би көшелеріне көп шығады. Тіпті автобус жолдарында көлігін қойып қоятындар да бар. Бұл жол қозғалысына кері әсерін тигізеді», - деді қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің командирі Манап Саттаров.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай