Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Алматылықтар Әбіш Кекілбайұлы музейіне ерекше фотоальбомды сыйға тартты

2019 жылдың 11 қазан 2019 16:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақтауда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының ескерткіші бой көтерді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жазушы құрметіне музей ашылды. Бұл атаулы шараға Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Алматы делегациясы да қатысты.

Алматылықтар музейге жазушының архив фотосуреттері бар ерекше альбомды және мегополистің ең басты мәдени көрнекі орны бейнеленген картинаны сыйға тартты. Музейге сондай-ақ, жазушының жеке заттары мен кітаптары қойылған.

«Әбіш Кекілбай – өз халқының лайықты ұлы. Ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін таусылмайтын рухани мұра қалдырды», - деп атап өтті Ұлықбек Есдәулет.

Келер жылы Ақтауда заңғар жазушы құрметіне театр мен кітапхана салу жоспарланған.

Айта кетерлігі, Алматыда халық жазушысының есімі ұлықталды. Оның атына көше беріліп, қарымды қаламгер тұрған үйге мемориалды тақтайша орнатылды.

Жоғары қарай