Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 48 млрд теңге аударды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 11:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 шілде мен 2019 жылғы 30 қараша аралығында Медициналық сақтандыру қорына 233 млрд теңгеден астам қаржы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының хабарлауынша, Алматы қаласы жарна мен аударым көлемі жағынан республика бойынша көш бастап тұр.

«Жинақталған соманың бестен бір бөлігі оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 48 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 45,5 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымы. Алматы бойынша 1 млн 428 мың адамның атына жарна түскен», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 5136 адам 17,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 процентін құрайды.

БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін жалдамалы жұмысшылардың қызметін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар, фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері төлей алады.

Жоғары қарай