Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Алматылықтар Наурыз мерекесін атап өтіп жатыр

2019 жылдың 22 наурыз 2019 17:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда негізгі мереке Астана алаңында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекені қала әкімі Бауыржан Байбек ашты. Ол өз сөзінде Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі мен елдің дамуына қосқан үлесі туралы айтты.



null






Көпшілікті құттықтаудан соң әкім Наурызды кеңінен тойлап, көктемнің шуақты күнінен керемет ләззат алуға болатынын айтты.

Бүгін қаланың Астана алаңына жиналған қауым қазақтың көне дәстүрлерінің бірі - Ақ шашуды көрді.











ъ







Қарт әжейлер жиналғандарға батасын беріп, тәттіден шашу шашты.

Бүгін бұл алаңда қас қарайғанша мерекелік концерт болмақ. Шетелдік және отандық өнерпаздар көрерменнің көңілін көтерді.



























Алаңға серуенге шыққан халық ұлттық киімдердің көрмесін тамашалап, бүркітшілер мен батырлармен, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті.














Жастар жағы ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсіп, қошқар көтеріп қара күшін сынады.






Сонымен қатар, «Номад» жылқы спорты ансамблі мен каскадерлер ат құлағында ойнап, көне спорт түрлерін жаңғыртты.



Айта кету керек, қалада мереке кеше басталған болатын. Кеше қала көшелерімен ертегі кейіпкерлері мен батырлар жүріп өтті.

Ал бүгін әр ауданның халқы Ұлыстың ұлы күнін өз аудандарында тойлап жатыр. Атап айтқанда, Алатау ауданында Алатау ауданының тұрғындары жиналып, алтыбақан тепті.















Жоғары қарай