Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Алматылықтарға жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ - мамандар

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 13:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова арнайы баспасөз мәслихатында алматылықтарды жаппай бетперде сатып алып, дүрбелең тудырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда 1,1 миллион бетперде бар. Дәріханаларда да олардың саны жеткілікті.

«Қорғаныс деңгейі жоғары М-95 бетпердесі дәрігерлер мен медбикелерге арналған. Оны жекелеген тұрғындардың жаппай сатып алуына негіз жоқ. Кәдімгі бетперде де жеткілікті деңгейде қорғайды. Қалада бетперделер жеткілікті. Бетпердені жаппай сатып алудың қажеті жоқ»,– деді Айзат Молдағасимова.

Ол бір адамаға 15-20 дана бетпердеден артық сатпауды ұсынды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Медицина, Алматы,
Жоғары қарай