Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алтай Көлгінов аудан әкімдеріне қардан тазалау жұмыстарын бақылауды тапсырды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс күні басталғанға дейін Алтай Көлгінов қаланың бірнеше жерлерін, соның ішінде жеке секторды аралап, қардан тазарту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аудан әкімдері күн сайын өз аумақтарыңызды аралап, қай жерлерді қардан тазалау қажет екендігін бақылаңыздар. Қазір су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейтуге баса назар аудару қажет. Пәтер иелері кооперативтері мен мердігер ұйымдар аула ішіндегі аумақтарды тазалау бойынша жұмыстарды жандандыруы тиіс. Әлеуметтік нысандар аумағынан, жаяу жүргіншілер жолынан бөлек аула аумақтарын да тазарту қажет. Пәтер иелері кооперативтері мен мердігер ұйымдар өздеріне тиесілі жауапкершілікті нақты сезінуі керек. Егер мердігерлік ұйым өз жұмысын дұрыс жасамаса, олар қар тазалаумен айналыспауы керек. Қыс әлі аяқталған жоқ, қарды белсенді тазалап, шығару қажет. Жаңа арнайы техниканы толығымен пайдаланыңыздар», - деді Алтай Көлгінов.




Қысқы кезеңде барлығы 1.819.551 текше метр қар шығарылды (151.629 рейс). Бұл өткен қыспен салыстырғанда 575.324 текше метр қарға (46,2%) артық. Жолдарды және тротуарларды қардан тазалау үшін 2019 жылдың желтоқсан - 2020 жылдың қаңтар айларында коммуналдық қызметтер паркі 130 арнайы техникамен толықты. Алынған арнайы техника қатарына самосвалдар, кеспе тиегіштер, автогрейдерлер мен тракторлар жатады. Арнайы техника қаражатты оңтайландыру мен «ҚДБ Лизинг» АҚ-мен бірлесе сатып алу есебінен алынды. Техниканың басым бөлігі - отандық өнім. Парк техникасын жаңарту қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және санитарлық тазалаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы 10-нан 45% - ға дейін өсті. Сонымен қатар, еңбекақы төлеудің ынталандырушы жүйесі енгізілді. Бұл да коммуналдық қызметкерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік берді.








Жоғары қарай