Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын Astana marathon - 2019 шарасына қатысуға шақырды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Qazaqstan Jastar Fest» фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара елордалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда өтті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерін спорттың 9 түрінен: арқан тарту, асық ату, гір спорты, армрестлинг, грэпплинг, мини-футбол, bicycle motoxtreme және стритбол бойынша сынап көрді.

















«Qazaqstan Jastar Fest» фестивалі Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында өтіп жатыр.

ҚР Президенті халыққа Жолдауында азаматтарды спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аулада спортпен шұғылданғаннан басталады. Алдымен балалар аулада, мектепте жаттығады. Сосын барып спортпен кәсіби түрде айналыса бастайды және чемпион атанады. Бұқаралық спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда: жаңа саябақтар, жаңа спорт кешендері салынуда. Тұтас спорттық кластер пайда болды. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз», - деді А. Көлгінов.











Қала әкімі жастарды спортпен айналысуға және 8 қыркүйекте өтетін Astana marathon-2019 қатысуға шақырды.

Мәдениет және спорт министрі А. Раимқұлова «Qazaqstan Jastar Fest» фестивалі елордада бастау алып, еліміздің барлық аймақтарында өтетінін атап өтті.








Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай